Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы "Тараз қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 8-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3163 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 қазан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Ж. Жексембиев |
Тараз қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Кулекеев |