Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 80-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 4872 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы №10-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 20.10.2023 № 10-3 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары 1 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Қордай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Заурбаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қордай аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы Г. Айткулова
      Қордай аудандық
      мәслихатының хатшысы Р. Нурсипатов

  Қордай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 80-5 шешіміне 1 қосымша

Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Ескерту. 1 – қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 15.12.2021 № 17-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен қаржылық кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілгенең ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай түрде көрсетілетін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      5. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда-Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 29-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет, ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарына - 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге, Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 150 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға- 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына, сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде.

      2) Тәуілсіздік күні – 16 желтоқсан:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда-Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 29-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      7. Өмірлік қиын жағдайдаға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтарға (отбасыларға) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде мынадай негіздер бойынша:

      жетімдік;

      ата-ана қамқорлығының болмауы, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

      туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

      баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      пробация қызметінің есебінде болу;

      кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, ең төменгі күнкөріс деңгейінің он еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шегінде, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде өтінішті беру мерзімі өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кем емес;

      3) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс - тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтарға (отбасыларға) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып:

      туберкулез ауруымен диспансерлiк есепте тұрған, амбулаторлық емделудегі адамдарға, ай сайын тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      адамның иммундық тапшылығы вирусынан туындаған диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, ай сайын тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      онкологиялық аурулары бар науқастарға, бір рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде.

      4) шипажайлық - курорттық емделуден өткен жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      5) жан басына шаққандағы орташа табысы 1 (бір) айлық күнкөріс деңгейінен аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды есепке алмай) ай сайын әр балаға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға) мынадай санаттар бойынша:

      мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      қандастар;

      экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар;

      6) тұрғын үйді газдандыруға бір рет әлеуметтік көмек:

      жан басына шаққандағы табысы 1,5 (бір жарым) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүргізіледі.

      Әлеуметтік көмектің көлемі 130 (жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

      Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда-Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 29-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның, не өзге де ұйымдардың ұсынымдары бойынша Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жамбыл облысы Қордай ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      11. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

3-тарау. Қорытынды ереже

      12. Әлеуметт iк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Қордай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 80-5 шешіміне 2 қосымша

Қордай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы №29-9 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3787 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 26 сәуірде жарияланған);

      2. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 05 сәуірдегі №48-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4190 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 26 сәуірде жарияланған);

      3. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 04 маусымдағы №51-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4259 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 02 шілдеде жарияланған);

      4. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы №65-6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4581 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылы 28 сәуірде жарияланған);

      5. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі №66-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4598 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылы 11 мамырда жарияланған);

      6. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешіміне толықтыру енгізу туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №68-4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4671 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылы 09 шілдеде жарияланған).

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району

Решение Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 25 декабря 2020 года № 80-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 29 декабря 2020 года № 4872. Утратило силу решением Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 20 октября 2023 года № 10-3

      Сноска. Утратило силу решением Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 20.10.2023 № 10-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Кордайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району согласно приложению 1.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Кордайского районного маслихата согласно приложению 2.

      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам экономики, финансов, бюджета, развития местного самоуправления, индустриально - инновационного развития, развития региона, транспорта и связи, малого и среднего бизнеса и на руководителя коммунального государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата Кордайского района Жамбылской области" А.Заурбаеву.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Кордайского
      районного маслихата Г. Айткулова
      Секретарь Кордайского
      районного маслихата Р. Нурсипатов

  Приложение 1 к решению
маслихата Кордайского района
от 25 декабря 2020 года № 80-5

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району

      Сноска. Приложение 1 - в редакции решения Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 15.12.2021 № 17-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее - Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима Кордайского района Жамбылской области, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемый республиканским государственным учреждением "Департамент Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан по Жамбылской области";

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган - коммунальное государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата Кордайского района Жамбылской области";

      8) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решениями акима села, сельского округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      9) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее –получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически ежемесячно.

      5. Лицам, указанным в статье 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан" и в подпункте 2) пункта 1 статьи 10, подпункте 2) пункта 1 статьи 11, подпункте 2) пункта 1 статьи 12 и подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      Сноска. Пункт 5 –в редакции решения Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 06.10.2022 № 29-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок оказания социальной помощи, определения перечня отдельных категорий нуждающихся получателей и установления размеров социальной помощи

      6. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно, в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) День Победы – 9 мая:

      участникам и лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны - в размере 1 000 000 (одного миллиона) тенге;

      родителям и не вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне, супруге (супругу), не вступившей (вступившему) в повторный брак- в размере 60 000 (шестидесяти тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак - в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      Героям Социалистического Труда, кавалерам ордена Трудовой Славы трех степеней, лицам, удостоенным званий "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" и награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР) за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны - в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств - в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий, военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий, военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР - в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      военнослужащие, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия- в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий - в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года - в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года - в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы - в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия - в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия - в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 – 1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях - в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированные (самостоятельно выехавшие) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии - в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших лиц с инвалидностью, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний - в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      2) День Независимости – 16 декабря:

      лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, установленным Законом Республики Казахстан от 14 апреля 1993 года "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" - в размере 100 000 (ста тысяч) тенге.

      Сноска. Пункт 6 –в редакции решения Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 06.10.2022 № 29-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Социальная помощь оказывается отдельным категориям нуждающихся граждан, оказавшихся в трудной жизненной ситуации, единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1) лицам (семьям), признанным находящимися в трудной жизненной ситуации, единовременно в размере 15 (пятнадцати) месячных расчетных показателей с учетом среднедушевого дохода, не превышающего порога 5 (пяти) кратного размера прожиточного минимума, по следующим основаниям: сиротство;

      отсутствие родительского попечения, безнадзорность несовершеннолетних, в том числе девиантное поведение;

      ограничение возможностей раннего психофизического развития детей от рождения до трех лет;

      стойкие нарушения функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;

      ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих;

      неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности;

      жестокое обращение, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации;

      бездомность (лица без определенного места жительства);

      освобождение из мест лишения свободы;

      нахождение на учете службы пробации;

      нахождение несовершеннолетних в специальных организациях образования, организациях образования с особым режимом;

      2) при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, единовременно в пределах 200 (двести) месячных расчетных показателей с учетом среднедушевого дохода, не превышающего порога десятикратного размера прожиточного минимума, срок обращения при наступлении трудной жизненной ситуации не позднее шести месяцев с момента наступления данной ситуации;

      3) лицам (семьям), признанным находящимися в трудной жизненной ситуации, в том числе ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний, заболеваний, представляющих опасность для окружающих с учетом среднедушевого дохода, не превышающего 5 (пятикратного) размера прожиточного минимума:

      лицам, состоящим на диспансерном учете с заболеванием туберкулез, ежемесячно в размере величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете" на соответствующий финансовый год;

      родителям или иным законным представителям инфицированных детей, вызванных вирусом иммунодефицита человека, состоящих на диспансерном учете, ежемесячно в 2 (двукратном) размере величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете" на соответствующий финансовый год;

      лицам, страдающим онкологическими заболеваниями единовременно в размере 25 (двадцати пяти) месячных расчетных показателей;

      4) пенсионерам по возрасту, ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств прошедшим санаторно-курортное лечение единовременно с учетом среднедушевого дохода, не превышающего размера 1 (одного) прожиточного минимума в размере 40 (сорока) месячных расчетных показателей.

      5) уязвимым слоям населения, имеющим детей воспитывающихся и обучающихся в дошкольных организациях, со среднедушевым доходом не превышающего 1 (одного) прожиточного минимума (кроме семей получателей государственной адресной социальной помощи), на каждого ребенка ежемесячно в размере 1 (одного) месячного расчетного показателя (назначается на текущий квартал с месяца обращения) на следующие категории:

      семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью;

      лица, страдающие тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, перечисленных в списке заболеваний, утверждаемом уполномоченным органом в области здравоохранения;

      дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;

      кандасы;

      лица, лишившиеся жилища в результате экологических бедствий, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера;

      многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи;

      неполные семьи;

      6) единовременная социальная помощь на газификацию жилого дома: производится пенсионерам по возрасту, лицам с инвалидностью, семьям, имеющим или воспитывающим детей с инвалидностью, многодетным матерям и многодетным семьям, получателям адресной социальной помощи, ветеранам боевых действий на территории других государств, опекунам или попечителям ребенка-сироты (детей-сирот) и ребенка (детей), оставшегося без попечения родителей, проживающим в частных жилых домах, подлежащих газификации являющимися его собственниками, либо членами семьи собственника, при отсутствии у них и членов семьи другого жилья и наличии среднедушевого дохода, не превышающего 1,5 (полутора) прожиточного минимума.

      Размер социальной помощи определяется исходя из фактических затрат заявителя, связанных с подведением и установкой газового оборудования, но не более 130 (сто тридцать) месячных расчетных показателей.

      Для получения социальной помощи заявитель обращается в уполномоченный орган и дополнительно к перечню документов предусмотренных пунктом 13 Типовых правил, прилагает акт и/или документ, подтверждающий состоявшиеся расходы лица, связанные с подведением и установкой газового оборудования (копии чеков, квитанции, договор на оказание услуг) и справку об отсутствии (наличии) зарегистрированных прав на недвижимое имущество.

      Сноска. Пункт 7 –в редакции решения Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 06.10.2022 № 29-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Порядок оказания социальной помощи, основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи, определяется согласно Типовым правилам.

      9. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому акиматом Кордайского района Жамбылской области по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      10. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Кордайского района Жамбылской области, на текущий финансовый год.

      11. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.

Глава 3. Заключительное положение

      12. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение 2 к решению
маслихата Кордайского района
от 25 декабря 2020 года № 80-5

Перечень утративших силу некоторых решений Кордайского районного маслихата

      1. Решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года №29-9 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3787, опубликовано 26 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде);

      2. Решение Кордайского районного маслихата от 05 апреля 2019 года № 48-3 "О внесении дополнения и изменения в решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 29-9 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4190, опубликовано 26 апреля 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде);

      3. Решение Кордайского районного маслихата от 04 июня 2019 года № 51-2 "О внесении изменений в решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 29-9 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4259, опубликовано 02 июля 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде);

      4. Решение Кордайского районного маслихата от 30 марта 2020 года № 65-6 "О внесении изменений в решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 29-9 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4581, опубликовано 28 апреля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде);

      5. Решение Кордайского районного маслихата от 22 апреля 2020 года № 66-3 "О внесении дополнения и изменения в решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 29-9 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4598, опубликовано 11 мая 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде);

      6. Решение Кордайского районного маслихата от 25 июня 2020 года № 68-4 "О внесении дополнения в решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 29-9 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4671, опубликовано 09 июля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).