"Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 65-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 4581 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 80-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 25.12.2020 № 80-5 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, Қордай ауданық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы маусымдағы №29-9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3787 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 26 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:

      7 тармақтың 3) тармақшасы келесі басылымда мазмұндалсын:

      "3) 9 мамырға – Жеңіс күні:

      3.2. қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      3.4. қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      3.5. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      3.6. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға (әскери қызмет өткергендерге) 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      3.7. қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайыбына (жұбайына) 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі;

      8 тармақтың 2.1 тармақшасы келесі басылымда мазмұндалсын:

      "2) мерзімді әлеуметтік көмек:

      2.1. "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізіміне сәйкес, әлеуметтік мәні бар - туберкулез ауруы бойынша амбулаториялық емдеу кезеңінде емін жалғастырып жатқан азаматтарға ай сайын 1 (бір) күнкөріс деңгейі мөлшерінде көрсетілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экномика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қордай аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы К. Кипчакбаева
      Қордай аудандық
      мәслихатының хатшысы Р. Нурсипатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады