Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 24.05.2023 № 3-3 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 болып тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарысу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Сарысу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
3. "Сарысу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтерін бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 38-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3961 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2019 жылдың 22 қазанында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарысу аудандық | |
мәслихатының сессия төрағасы | Л. Мырзабеков |
Сарысу аудандық | |
мәслихат хатшысы | С. Бегеев |
Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 73-3 шешіміне 1 қосымша |
Сарысу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,8 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1 |
3 | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,84 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,50 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,91 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,085 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,2 |
8 | Мектептер және өзге де оқуорындары | 1 оқушы | 0,3 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,07 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,37 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы, 1 м2 | 0,09 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,07 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы, 1 м2 | 0,05 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы, 1 м2 | 0,8 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0,35 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы,1 м2 | 0,27 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы, 1 м2 | 0,34 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы, 1 м2 | 0,21 |
19 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,6 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 1 |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,4 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанар май станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 2 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,1 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,15 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,25 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,90 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,95 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,41 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,80 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,04 |
Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 73-3 шешіміне 2 қосымша |
Сарысу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
Жинаудың және әкетудің өзіндік құны 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар – 847,06 теңге
Көмудің өзіндік құны 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар – 297,16 теңге.
Кәдеге жаратудың құны 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар – 55,77 теңге
2018 жылы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму бойынша қызметтердің құнын есептеу (айлық есептік көрсеткіш – 2 405 теңге).
1. Жайлы және жайлы емес үй иелігі тұрғыны үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкетуге және көму бойынша қызметтердің құнын есептеу
2. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің абоненттері үшін (жеке және заңды тұлғалар) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкетуге, жою және көму бойынша қызметтердің құнын есептеу.
1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкетуге, 1 м3 | ||
1.1. | 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету | 867,45 |
1.2. | Рентабельділігі, 15% | 0,00 |
1.3. | Қосылған құн салықсыз тариф | 867,45 |
2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму, 1 м3 | ||
2.1. | 1 м3 тұрмыстық қаттықалдықтарды көму | 276,11 |
2.2. | Рентабельділігі, 15% | 0,00 |
2.3. | Барлығы | 276,11 |
2.4. | Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы 1м3 тұрмыстық қатты қалдықтар халықтан (2 405 теңге*0,19*0,2) | 91,39 |
2.5. | Қосылған құн салықсыз тариф | 367,51 |
3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу бойынша, 1 м3 тарифі | ||
3.1. | Кәдеге жарату 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар | 49,17 |
3.2. | Рентабельділігі, 15% | 0,00 |
3.3. | Барлығы | 49,17 |
3.4. | Қосылған құн салықсыз тариф | 49,17 |
4. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму, 1 м3 үшін | ||
4.1. | Барлығы, тариф 1 м3 үшін (стр.1.3.+стр.2.5.+стр.3) тенге | 1 284,13 |
4.2. | Қосылған құн салығы 12 % тенге | 154,09 |
4.3. | Жиыны, тариф 1 м3 үшін қосылған құн салығымен, теңге | 1 438,22 |