Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 77-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 шілдеде № 4664 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар белгіленсін.

      2. Сарысу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы "Сарысу ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №2994 болып тiркелген, 2016 жылдың 30 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) №58-5 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. "Сарысу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарысу аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Т. Оразбаев
      Сарысу аудандық
      мәслихат хатшысы С. Бегеев

  Сарысу аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 маусымы № 77-3
шешіміне 1 қосымша

Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы айқындалған орындар:

      1) жиналыс пен митинг өткізу орыны: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 3 мөлтекаудан №45, аудандық мәдениет үйі.

      2) Сарысу ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі №25, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап аудандық мәдениет үйіне дейін.

      2. Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) аудан әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел штаб құрады. Жедел штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары өкілдері, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) кіреді. Жедел штабты аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі басқарады;

      2) ұйымдастырушы бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін қатысушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын азаматтар үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырады, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін шараларды және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау тәртібін көздейді;

      3) ұйымдастырушы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел штабты басқару пунктінің, жергілікті полиция қызметінің және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай-ақ резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды;

      4) жергілікті полиция қызметі бейбіт жиналыс басталуынан екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді.

      5) Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңындағы көзделген міндеттермен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті.

      3. Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      а / в = с;

      а – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың аумағы (шаршы метр);

      в – бейбіт жиналыстарға қатысатын әрбір азаматқа қарастырылған шекті норма (1,5 шаршы метр);

      с - бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы (бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың шекті саны).

      4. Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жергілікті полиция әрбір бейбіт жиналысты өткізу кезінде бекітетін қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарына сәйкес анықталады.

  Сарысу аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 маусымдағы
№77-3 шешіміне 2 қосымша

Бейбіт жиналыстарды және шерулерді өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету


п/п

Арнайы орынның атауы

материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

Шекті толу нормалары

1.1.

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 3 мөлтекаудан №45, аудандық мәдениет үйі.

Жер учаскесінің ауданы - 4500 шаршы метр;
- 5 бағанада жасанды жарықтандыру 10 шам орналастырылған;
- электр энергиясын қосу нүктесі ғимараттың ішінде 1 қабатта орналасқан;
- бейнебақылау және бейнежазба камералары орнатылды;
- 3 тұрақ орны (2 кіру, 1 шығу)

150
адам

2.2.

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі №25, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап аудандық мәдениет үйіне дейін.

Маршруттың ұзындығы 1,5 кило метр;
- маршрут бойынша көшелер жарықтандырылды;
- 4 бейне бақылау камерасы орнатылды.

150 адам

  Сарысу аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 маусымдағы
№77-3 шешіміне 3 қосымша

Пикеттеуді өткізу тәртібі.

      Ескерту. 3 қосымшаға өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 26.02.2024 №18-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы.

      Пикеттеуді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

      5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.

      Пикеттеу барысында:

      - оны тек бір азамат тұрақты түрде, яғни қозғалыссыз жүргізуіне;

      - плакаттарды, транспаранттар мен өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      - (бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда) бір жерде, бір уақытта бір объектіде бір күнде екі сағаттан астырмай жүргізілуіне жол беріледі.

      Пикеттеу барысында:

      - (бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда) бір жерде, бір уақытта бір объектіде екі және одан көп пикеттерді өткізуге;

      -дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға;

      -пикеттеуге тыйым салынған іргелес нысан аумағынан 800 метр қашықтықта пикеттеу жүргізуге жол берілмейді.

Об установлении порядка использования специальных мест, специальных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельного наполнения, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению в Сарысуском районе

Решение Сарысуского районного маслихата Жамбылской области от 30 июня 2020 года № 77-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 1 июля 2020 года № 4664

      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Сарысуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места, порядок использования специальных мест, нормы их предельного наполнения, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Сарысуском районе согласно приложениям 1, 2 и 3 к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Сарысуского районного маслихата от 18 февраля 2016 года №58-5 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Сарысускому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2994, опубликовано 30 марта 2016 году в Информационно-правовой системе "Әділет");

      3. Государственному учреждению "Аппарат Сарысуского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Жамбылской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Сарысуского районного маслихата после его официального опубликования.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Сарысуского
      районного маслихата Т. Оразбаев
      Секретарь Сарысуского
      районного маслихата С. Бегеев

  Приложение 1 к решению
Сарысуского районного
маслихата от 30 июня 2020 года
№77-3

Специализированные места, порядок использования специальных мест, нормы их предельного заполнения, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Сарысуском районе

      1. Специально определенные места для организации и проведения мирных собраний в Сарысуском районе:

      1) Место проведения собрания и митинга: Сарысуский район, город Жанатас, 3 микрорайон, дом №45, районный дом культуры.

      2) Установить маршрутом проведения шествий и демонстраций в Сарысуском районе: Сарысуский район, город Жанатас, улица Бейбитшилик №25, от коммунального государственного учреждения аппарат акима города Жанатас Сарысуского района до районного дома культуры.

      2. Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Сарысуском районе:

      1) при организации и проведении мирного собрания акиматом района создается постоянно действующий оперативный штаб для координации деятельности организаций, задействованных в организации и проведении мирного собрания. В состав оперативного штаба входят представители местной полицейской службы, органов гражданской защиты, организатор мирного собрания (далее - организатор). Оперативный штаб возглавляет уполномоченный представитель акима района;

      2) организатор размещает правила поведения участников, регламентирующие порядок организации и проведения мирного собрания в общедоступном для граждан месте, предусматривает меры, обеспечивающие охрану общественного порядка, безопасность участников, пожарную и санитарно-эпидемиологическую безопасность, оказание первой медицинской помощи при несчастных случаях и порядок эвакуации при возникновении чрезвычайных ситуаций;

      3) организатор совместно с местной полицейской службой определяет месторасположение служебного автотранспорта, пункта управления оперативного штаба местной полицейской службы и скорой помощи, а также стоянок резерва;

      4) местные службы полиции за двое суток до начала мирного собрания утверждают план размещения сил и средств, задействованных в обеспечении охраны общественного порядка, дорожной и пожарной безопасности;

      5) организаторы и участники мирных собраний в Сарысуском районе обязаны строго соблюдать запреты и обязанности, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан".

      3. Предельные нормы заполнения специальных мест для организации и проведения мирных собраний в Сарысуском районе:

      а / в = с;

      а - площадь специальных мест для организации и проведения мирных собраний (в квадратных метрах);

      в – предельная норма на каждого гражданина, участвующего в мирных собраниях (1,5 квадратных метра);

      с - предельная норма заполнения специальных мест для организации и проведения мирных собраний (предельное количество лиц, участвующих в мирном собрании).

      4. Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специальных мест для организации и проведения мирных собраний в Сарысуском районе определяются в соответствии с планом размещения сил и средств, задействованных в обеспечении охраны общественного порядка, дорожной и пожарной безопасности, утверждаемым местной полицией при проведения каждого мирного собрания.

  Приложение 2 к решению
Сарысуского районного
маслихата
от 30 июня 2020 года №77-3

Материально-техническое оснащение специализированных мест для проведения мирных собраний и шествий


п/п

Наименование специализированного места

Материально-техническое оснащение

Предельная наполняемость

1.1.

Сарысуский район, город Жанатас, 3 микрорайон, дом №45, районный дом культуры.

Площадь земельного участка – 4500 квадратных метра;
- искусственное освещение в 5 колонках размещены 10 светильников;
- точка подключения электроэнергии находится внутри здания на 1 этаже;
- установлены камеры видеонаблюдения и видеозаписи;
- 3 места стоянки (2 входа, 1 выход)

150
человек

2.2.

Сарысуский район, город Жанатас, улица Бейбитшилик №25, от коммунального государственного учреждения аппарат акима города Жанатас Сарысуского района до районного дома культуры.

Протяженность маршрута 1,5 кило метр;
- по маршруту улицы освещены;
- установлены 4 камеры видеонаблюдения и видеозаписи.

150 человек

  Приложение 3 к решению
Сарысуского районного
маслихата от 30 июня 2020 года
№77-3

Правила проведения пикетирования.

      Сноска. Приложение 3 с изменениями, внесенными решением Сарысуского районного маслихата Жамбылского районного маслихата Жамбылской области от 26.02.2024 № 18-7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Пикетирование – присутствие одного гражданина Республики Казахстан в определенном месте в определенное время с целью публичного выражения мнения по общественно значимым вопросам и/или действиям/бездействию лиц и/или органов, организаций.

      Проведение пикетирования запрещается:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к резиденциям Президента Республики Казахстан, Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы;

      5) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      6) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

      Допускается:

      - проведение только одним гражданином ив статичной форме (без передвижения);

      - использование плакатов, транспарантов и иные средств наглядной агитации;

      - пикетирование не более двух часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта (за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний).

      Не допускается:

      - проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний;

      - использование звукоусиливающих средств;

      - проведение пикетирования на расстоянии 800 метров прилегающих территорий объектов, у которых запрещено проведение пикетирования.