Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы №77-3 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4664 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санмен ауыстырылсын.
2. "Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарысу аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарысу аудандық | |
мәслихат төрағасы | Ш. Мусабеков |