Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбіләшұлы Балқыбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысы Шу | |
ауданының әкімі | Ж. Айтаков |
Шу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 123 қаулысына қосымша |
2020 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері | Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы | |
1 | Жаздық арпа | 2020 жылғы 10 наурыздан – 10 сәуір аралығы |
2 | Дәндік жүгері | 2020 жылғы 20 сәуірден – 10 мамыр аралығы |
3 | Майлы дақылдар (мақсары) | 2020 жылғы 10 наурыздан – 30 наурыз аралығы |
4 | Қант қызылшасы | 2020 жылғы 20 наурыздан – 20 сәуір аралығы |
5 | Көп жылдық шөп | 2020 жылғы 20 наурыздан – 15 сәуір аралығы |
6 | Күздік бидай | 2020 жылғы 10 қарашаға дейін |
Ескерту: аталған себу мерзімдері 10-15 күнге дейін ауытқуы мүмкін.