2020 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 123 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 наурызда № 4529 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбіләшұлы Балқыбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысы Шу
      ауданының әкімі Ж. Айтаков

  Шу ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 18 наурыздағы
№ 123 қаулысына қосымша

2020 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері


Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері

Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

1

Жаздық арпа

2020 жылғы 10 наурыздан – 10 сәуір аралығы

2

Дәндік жүгері

2020 жылғы 20 сәуірден – 10 мамыр аралығы

3

Майлы дақылдар (мақсары)

2020 жылғы 10 наурыздан – 30 наурыз аралығы

4

Қант қызылшасы

2020 жылғы 20 наурыздан – 20 сәуір аралығы

5

Көп жылдық шөп

2020 жылғы 20 наурыздан – 15 сәуір аралығы

6

Күздік бидай

2020 жылғы 10 қарашаға дейін

      Ескерту: аталған себу мерзімдері 10-15 күнге дейін ауытқуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады