Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулыға қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы | |
әкімдігінің | |
2020 жылғы 20 шілдесі | |
№ 45/02 | |
қаулысына қосымша |
Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі
1. "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 8 қазандағы №59/03 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3488 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 19 қарашадағы № 168-169 (21919-21920) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылғы 19 қарашадағы №192-193 (22077) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қарашада жарияланған);
2. "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 тамыздағы №58/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3945 нөмірмен тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №120 (22065) "Индустриальная Караганда" және 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №150-151 (22256) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған);
3. "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 тамыздағы №58/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3947 нөмірмен тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №120 (22065) "Индустриальная Караганда" және 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №150-151 (22256) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдғы 15 қыркүйекте жарияланған);
4. "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қазандағы №59/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3486 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 19 қарашадағы №168-169 (21919-21920) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылғы 19 қарашадағы №192-193 (22077) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қарашада жарияланған);
5. "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қазандағы №59/02 "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдегі №41/05 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4325 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 8 тамызда жариялаған).