Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің келесі қаулылары күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 69/06 "Қарағанды облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3592 болып тіркелген, 2016 жылдың 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылдың 14 қаңтарда № 7-8 (22 113) "Орталық Қазақстан" және 2016 жылдың 14 қаңтарда № 4 (21949) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған);
2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 шілдедегі №48/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы "Қарағанды облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" № 69/06 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 тамызда № 89 (22 396) "Орталық Қазақстан" және 2017 жылғы 12 тамызда № 90 (22203) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, 2017 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |