Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының ХXXVII сессиясының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 387 "Барлық салықтөлеушілер үшін тіркелген салықтың мөлшерлемерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5308 болып тіркелген, 2019 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы | О. Нурказов |
Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы | К. Бексултанов |