Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 387 "Барлық салықтөлеушілер үшін тіркелген салықтың мөлшерлемерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 517 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 5888 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының ХXXVII сессиясының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 387 "Барлық салықтөлеушілер үшін тіркелген салықтың мөлшерлемерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5308 болып тіркелген, 2019 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы О. Нурказов
      Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы К. Бексултанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады