Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 17/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 5804 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 16/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 25.02.2021 № 16/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-2) тармақшасына, 62-бабы 4-тармағының 4-2) және 6-тармағының 6-1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 15/3 "Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5282 болып тіркелді, 2019 жылғы 18 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 20 сәуірде № 15 "Сфера событий" газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі Г. Ашимов

  Теміртау қаласы
әкімдігінің
2020 жылғы 17 сәуірі
№ 17/1
қаулысына қосымша

Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім алушылар саны

Жылына бастауыш білім беру бойынша бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

Жылына негізгі орта білім беру бойынша бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

Жылына жалпы орта білім беру бойынша бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

850

186 120

240 660

280 308


Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование по городу Темиртау

Постановление акимата города Темиртау Карагандинской области от 17 апреля 2020 года № 17/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 22 апреля 2020 года № 5804. Утратило силу постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 25 февраля 2021 года № 16/1

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 25.02.2021 № 16/1 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7-2) пункта 3 статьи 6, подпунктом 4-2) пункта 4 и подпунктом 6-1) пункта 6 статьи 62 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 "Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13418), акимат города Темиртау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить государственный образовательный заказ на среднее образование по городу Темиртау согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Темиртау от 4 апреля 2019 года № 15/3 "Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование по городу Темиртау" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5282, опубликован в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 18 апреля 2019 года, в газете "Сфера событий" от 20 апреля 2019 года № 15).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Темиртау.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Темиртау Г. Ашимов

  Приложение к
постановлению
акимата города Темиртау
от 17 апреля 2020 года
№ 17/1

Государственный образовательный заказ на среднее образование по городу Темиртау

Количество учащихся

Средняя стоимость расходов на одного учащегося начального образования в год, тенге

Средняя стоимость расходов на одного учащегося основного среднего образования в год, тенге

Средняя стоимость расходов на одного учащегося общего среднего образования в год, тенге

1

850

186 120

240 660

280 308