Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 17.04.2020 № 17/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Теміртау қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Әшімов |
Теміртау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 15/3 қаулысына қосымша Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы |
№ | Білім алушылар саны | Жылына бастауыш білім беру бойынша бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге | Жылына негізгі орта білім беру бойынша бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге | Жылына жалпы орта білім беру бойынша бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | 850 | 258 500 | 313 045 | 352 686 |