Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Балқаш қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 04 мамырдағы № 2/22 "Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3837 болып тіркелген, 2016 жылғы 08 маусымда "Балқаш өңірі" № 62 (12455) және "Северное Прибалхашье" № 47 (1511) газеттерінде, 2016 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Сессия төрағасы | А. Сартаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | К. Тейлянов |