Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 мамырдағы № 2/22 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 маусымда № 3837 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 40/326 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 10.06.2020 № 40/326 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық маслихат ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Пшенбаев
      Қалалық маслихаттың хатшысы К. Тейлянов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады