Қалалық мәслихаттың шешімінің күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 40/326 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 маусымда № 5884 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Балқаш қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 04 мамырдағы № 2/22 "Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3837 болып тіркелген, 2016 жылғы 08 маусымда "Балқаш өңірі" № 62 (12455) және "Северное Прибалхашье" № 47 (1511) газеттерінде, 2016 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Сессия төрағасы А. Сартаев
      Қалалық мәслихат хатшысы К. Тейлянов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады