Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 шілдедегі 7 сессиясының № 7/72 "Абай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3934 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 тамыздағы "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 20 тамыздағы № 33 (4136)) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Черепанов |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Цай |