Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 шілдедегі № 7/72 "Абай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 65/698 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 маусымда № 5909 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 шілдедегі 7 сессиясының № 7/72 "Абай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3934 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 тамыздағы "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 20 тамыздағы № 33 (4136)) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған).

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Черепанов
      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Цай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады