Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) Бұқар жырау ауданы әкімінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 1 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5293 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);
2) Бұқар жырау ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 6 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5432 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сапар Каиркенович Сатаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ш. Мамалинов |