Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімінің 16.03.2020 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабы және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кентінде, Гагарина ауылдық округінің Садовое, Көкпекті ауылдық округінің Сарытөбе ауылдарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Сапар Каиркенович Сатаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Бұқар жырау ауданы әкімінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 4-ш "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4246 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 мамырдағы № 17 (1207) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде және 2017 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ш. Мамалинов |