Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 125 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 16 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қаңтарда № 5692 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 156 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 14.04.2021 № 156№ 156 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 125 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3848 болып тіркелген, "Қарқаралы" аудандық газетінде 2016 жылғы 18 маусымда № 49-50 (11484), 2016 жылғы 22 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Аудан әкімі Э. Дюсетаев

      Келісілді

      Қарқаралы аудандық
      мәслихатының хатшысы
      С. Нуркенов

  Аудан әкімі
2020 жылғы 24 қаңтары
№ 16
қаулысына қосымша
  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 125 қаулысына
қосымша

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі

      1. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:

      1) ММ және КМҚК басшысы;

      2) ММ және КМҚК басшысының орынбасары;

      3) интернат меңгерушісі;

      4) кітапхана меңгерушісі;

      5) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

      6) медициналық мейірбике;

      7) кітапханашы;

      8) тәрбиелеуші;

      9) аға тәлімгер;

      10) барлық мамандықтағы инженер;

      11) нұсқаушы;

      12) әдіскер;

      13) есепші;

      14) әлеуметтік педагог;

      15) бастапқы әскери даярлық жөніндегі ұйымдастырушы-оқытушы;

      16) қосымша білім беретін педагог;

      17) педагог-психолог;

      18) психолог;

      19) логопед;

      20) өндірістік оқыту мастері;

      21) музыка жетекшісі;

      22) емдәмдік мейірбике;

      23) мұғалім-дефектолог;

      24) дефектолог.

      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) ММ және КМҚК басшысы;

      2) ММ және КМҚК басшысының орынбасары;

      3) кітапхана меңгерушісі;

      4) филиал меңгерушісі;

      5) бөлімшелер басшылары;

      6) барлық атаудағы әдіскер;

      7) барлық атаудағы суретші;

      8) кітапханашы;

      9) режиссер;

      10) көркемдік жетекші;

      11) музыкалық жетекші;

      12) редактор;

      13) балетмейстер;

      14) концертмейстр;

      15) хормейстер;

      16) дирижер;

      17) аккомпаниатор;

      18) хореограф;

      19) мәдени ұйымдастырушы;

      20) библиограф;

      21) бас есепші.

      3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

      1) бөлімшенің меңгерушісі;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      4) барлық атаудағы әлеуметтік қызметкер.

      4. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) ММ басшысы,

      2) ММ басшысының орынбасары;

      3) барлық мамандықтағы жаттықтырушы-оқытушы.

      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

      1) КМК басшысы;

      2) КМК басшысының орынбасары;

      3) ветеринарлық пункт меңгерушісі;

      4) барлық мамандықтағы мал дәрігерлері;

      5) ветеринарлық фельдшер.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме;

      КМҚК – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

      КМК – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын.

О внесении изменения в постановление акимата Каркаралинского района от 26 мая 2016 года № 125 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 24 января 2020 года № 16. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 30 января 2020 года № 5692. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 14 апреля 2021 года № 156

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 14.04.2021 № 156 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Каркаралинского района от 26 мая 2016 года № 125 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3848, опубликовано в районной газете "Қарқаралы" от 18 июня 2016 года № 49-50 (11484), в информационно-правовой системе "Әділет" 22 июня 2016 года) следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложения к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района Э. Дюсетаев

      Согласовано

      Секретарь Каркаралинского
      районного маслихата
      С. Нуркенов

  Приложение к
постановлению
Аким района
от 24 января 2020 года
№ 16
  Приложение к постановлению
акимата Каркаралинского района
от "26" мая 2016 года
№ 125

Перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, финансируемым из районного бюджета

      1. Должности специалистов образования:

      1) руководитель ГУ и КГКП;

      2) заместитель руководителя ГУ и КГКП;

      3) заведующий интернатом;

      4) заведующий библиотекой;

      5) учителя всех специальностей;

      6) медицинская сестра;

      7) библиотекарь;

      8) воспитатель;

      9) старший вожатый;

      10) инженер всех специальностей;

      11) инструктор;

      12) методист;

      13) бухгалтер;

      14) социальный педагог;

      15) преподаватель-организатор по начальной военной подготовке;

      16) педагог дополнительного образования;

      17) педагог-психолог;

      18) психолог;

      19) логопед;

      20) мастер производственного обучения;

      21) музыкальный руководитель;

      22) диетическая сестра;

      23) учитель-дефектолог;

      24) дефектолог.

      2. Должности специалистов культуры:

      1) руководитель ГУ и КГКП;

      2) заместитель руководителя ГУ и КГКП;

      3) заведующий библиотекой;

      4) заведующий филиалом;

      5) руководители подразделений;

      6) методист всех наименований;

      7) художник всех наименований;

      8) библиотекарь;

      9) режиссер;

      10) художественный руководитель;

      11) музыкальный руководитель;

      12) редактор;

      13) балетмейстер;

      14) концертмейстер;

      15) хормейстер;

      16) дирижер;

      17) аккомпаниатор;

      18) хореограф;

      19) культорганизатор;

      20) библиограф;

      21) главный бухгалтер.

      3. Должности специалистов социального обеспечения:

      1) заведующий отделением;

      2) консультант по социальной работе;

      3) специалист по социальной работе;

      4) социальный работник всех наименований.

      4. Должности специалистов спорта:

      1) руководитель ГУ;

      2) заместитель руководителя ГУ;

      3) тренер-преподаватель всех специальностей.

      5. Должности специалистов ветеринарии:

      1) руководитель КГП;

      2) заместитель руководителя КГП;

      3) заведующий ветеринарным пунктом;

      4) ветеринарные врачи всех специальностей;

      5) ветеринарный фельдшер.

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      ГУ - государственное учреждение;

      КГКП – коммунальное государственное казенное предприятие;

      КГП – коммунальное государственное предприятие.