Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 14.04.2021 № 156 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 330 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының Тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 8-13-74 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінің 2010 жылдың 06 ақпанында № 11-12 санында жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Токмурзинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қарқаралы ауданының әкімі | К.М. Максутов |
КЕЛІСІЛДІ
Қарқаралы аудандық мәслихатының хатшысы |
С.К. Нуркенов |
2016 жыл 26 мамыр.
Қарқаралы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 125 қаулысына қосымша |
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарқаралы ауданының әкімдігінің 24.01.2020 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
1. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:
1) ММ және КМҚК басшысы;
2) ММ және КМҚК басшысының орынбасары;
3) интернат меңгерушісі;
4) кітапхана меңгерушісі;
5) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
6) медициналық мейірбике;
7) кітапханашы;
8) тәрбиелеуші;
9) аға тәлімгер;
10) барлық мамандықтағы инженер;
11) нұсқаушы;
12) әдіскер;
13) есепші;
14) әлеуметтік педагог;
15) бастапқы әскери даярлық жөніндегі ұйымдастырушы-оқытушы;
16) қосымша білім беретін педагог;
17) педагог-психолог;
18) психолог;
19) логопед;
20) өндірістік оқыту мастері;
21) музыка жетекшісі;
22) емдәмдік мейірбике;
23) мұғалім-дефектолог;
24) дефектолог.
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) ММ және КМҚК басшысы;
2) ММ және КМҚК басшысының орынбасары;
3) кітапхана меңгерушісі;
4) филиал меңгерушісі;
5) бөлімшелер басшылары;
6) барлық атаудағы әдіскер;
7) барлық атаудағы суретші;
8) кітапханашы;
9) режиссер;
10) көркемдік жетекші;
11) музыкалық жетекші;
12) редактор;
13) балетмейстер;
14) концертмейстр;
15) хормейстер;
16) дирижер;
17) аккомпаниатор;
18) хореограф;
19) мәдени ұйымдастырушы;
20) библиограф;
21) бас есепші.
3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1) бөлімшенің меңгерушісі;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
4) барлық атаудағы әлеуметтік қызметкер.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) ММ басшысы,
2) ММ басшысының орынбасары;
3) барлық мамандықтағы жаттықтырушы-оқытушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) КМК басшысы;
2) КМК басшысының орынбасары;
3) ветеринарлық пункт меңгерушісі;
4) барлық мамандықтағы мал дәрігерлері;
5) ветеринарлық фельдшер.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме;
КМҚК – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
КМК – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын.