Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ынталы ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 06 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 5720 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдарының арасынан инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылында орналасқан "Тілек" шаруа қожалығының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 03 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5653 болып тіркелген, 2020 жылғы 18 қаңтардағы № 3 (11750) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 09 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ынталы ауылдық округінің әкімі Ж.К. Кежембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      Министрлігі Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Т.Ж. Копжасаров

      2020 жыл 24 ақпан

О снятии ограничительных мероприятий

Решение акима Ынталинского сельского округа Каркаралинского района Карагандинской области от 24 февраля 2020 года № 06. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 2 марта 2020 года № 5720

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", аким Ынталинского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации заболевания инфекционный ринотрахеит среди крупного рогатого скота снять ограничительные мероприятия, установленные на территории крестьянского хозяйства "Тілек" Ынталинского сельского округа села Ынталы.

      2. Признать утратившим силу решение акима Ынталинского сельского округа Каркаралинского района от 25 декабря 2019 года № 03 "Об установлении ограничительных мероприятий" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5653, опубликовано в районной газете "Қарқаралы" от 18 января 2020 года № 3 (11750), в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде от 09 января 2020 года).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Ынталинского сельского округа Ж.К. Кежембаев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного учреждения
      "Каркаралинская районная территориальная
      инспекция комитета ветеринарного контроля
      и надзора министерства сельского хозяйство
      Республики Казахстан"
      Т.Ж. Копжасаров

      24 февраля 2020 года