Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ынталы ауылдық округінің әкімінің 24.02.2020 № 06 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылында орналасқан "Тілек" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдарының арасынан инфекциялық ринотрахеит ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс- шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ынталы ауылдық округінің әкімі | Ж.К. Кежембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы |
Министрлігі Ветеринариялық бақылау және |
қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық |
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің |
басшысы |
Т.Ж. Копжасаров |
2019 жыл 25 желтоқсан.