Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 15.11.2021 № 46/1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде екі пайыздан төрт пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау ауданының әкімі | Б. Әбдіғалиұлы |
Ұлытау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 9/6 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Ұлытау ауданы әкімдігінің Ұлытау ауданының білім бөлімінің "Айгөлек" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. | 50 | 2 | 1 |