Шет ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 44/408 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 қаңтарда № 6143 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Шет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 3/22 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3842 болып тіркелген, "Шет шұғыласы" газетінің 2016 жылғы 09 маусымдағы № 23 (10592) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Тулеукулов

  Шет аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 29
желтоқсандағы
№ 44/408
Шешімге 1-қосымша

Шет ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Шет ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      1) Ақсу-Аюлы ауылының Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Жанқұтты би көшесі, 39. Шекті толу нормасы - 1000 адам;

      2) Ақсу-Аюлы ауылының Орталық саябағы, Тлеулин көшесі, 128. Шекті толу нормасы - 500 адам;

      3) Ақадыр кентінің Теміржолшылар саябағы, Абай көшесі, 9В. Шекті толу нормасы - 500 адам;

      4) Ақсу-Аюлы ауылының Шортанбай жырау көшесінен бастап, Абай көшесімен - аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейін. Шекті толу нормасы - 1000 адам;

      5) Ақсу-Аюлы ауылы С.Сейфуллин көшесі, 86a бастап орталық саябаққа дейін Тлеулин көшесі, 128. Шекті толу нормасы - 500 адам;

      6) Ақадыр кентінің Ардагерлер алаңынан (Абай көшесі, 25) бастап, Абай көшесімен - Теміржолшылар саябағына (Абай көшесі, 9В) дейін. Кіру теміржол вокзалы жағынан (Қыздарбеков көшесі). Шекті толу нормасы - 500 адам.

      Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етіледі.

      2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:

      1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.

  Шет аудандық мәслихатының
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 44/408 шешіміне
2-қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 05.04.2024 № 11/112 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Шет ауданының келесі нысандарында кемінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.


О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядке использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормах их предельной заполняемости, а также требованиях к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Шетского района

Решение Шетского районного маслихата Карагандинской области от 29 декабря 2020 года № 44/408. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 6 января 2021 года № 6143.

      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" Шетский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, требования к материально – техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Признать утратившим силу решение Шетского районного маслихата от 11 мая 2016 года № 3/22 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3842, опубликовано в газете "Шет шұғыласы" № 23 (10592) от 09 июня 2016 года).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии, секретарь районного маслихата Б. Тулеукулов

  Приложение 1 к решению
Шетского районного
маслихата
от 29 декабря 2020 года
№ 44/408

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний на территории Шетского района

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний на территории Шетского района:

      1) Площадь Дома культуры села Аксу-Аюлы, улица Жангутты би, 39. Норма предельной заполняемости - 1000 человек;

      2) Центральный парк села Аксу-Аюлы, улица Тлеулина, 128. Норма предельной заполняемости - 500 человек;

      3) Парк Железнодорожников поселка Агадырь, улица Абая, 9В. Норма предельной заполняемости - 500 человек;

      4) Начиная с улицы Шортанбай жырау с переходом на улицу Абая до площади перед районным домом культуры села Аксу-Аюлы. Норма предельной заполняемости - 1000 человек;

      5) начиная с улицы С.Сейфуллина 86а, до центрального парка улицы Тлеулина, 128 села Аксу-Аюлы. Норма предельной заполняемости - 500 человек;

      6) начиная с площади ветеранов (улица Абая, 25) по улице Абая до парка Железнодорожников (улица Абая 9В). Вход со стороны железнодорожного вокзала (улица Кыздарбекова) поселока Агадырь. Норма предельной заполняемости - 500 человек.

      В условиях сумерек специализированные места для проведения мирных собраний обеспечиваются освещением.

      2. Специализированные места для проведения мирных собраний организатором и его участниками используются в следующем порядке:

      1) находятся на территории специализированного места в течение времени, указанного в уведомлении;

      2) обеспечивают сохранность зданий, сооружений, малых архитектурных форм, зеленых насаждений, а также иного имущества.

  Приложение 2 к решению
Шетского районного маслихата
от 29 декабря 2020 года
№ 44/408

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Сноска. Приложение 2 – в редакции решения Шетского районного маслихата Карагандинской области от 05.04.2024 № 11/112 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования определяются на расстоянии не менее 800 метров на следующих объектах в Шетском районе:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.