Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | У. Алмас |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Сарсембеков |
Приозерск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 шілдесі № 40/406 шешіміне 1 қосымша |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Приозерск қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:
1) Қалалық орталық алаң (Кисунько 2/1 көшесі). Шекті толу нормасы -2000 адам;
2) 1941-1945 ж. ҰОС жеңіс мемориалы (Достық көшесі). Шекті толу нормасы - 250 адам.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.
Приозерск қаласында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
Космонавтов көшесінен Балхашская көшесі бойымен қалалық орталық алаңға дейін.
2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.
Приозерск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 шілдесі № 40/406 шешіміне 2 қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Приозерск қаласының келесі объектілерінде 100 метр қашықтықта айқындалады:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде.