"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 108 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6998 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |