Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 108 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 6998 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 18.06.2020 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-11) тармақшасына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 19123 нөмірімен тіркелген) және Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысының 2019 жылғы 18 қазандағы № 1 хаттамасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі және шекті сауда үстемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамамен белгіленген тәртіппен қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі К. Искаков

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "3" желтоқсандағы № 108 қаулысына қосымша

Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі және шекті сауда үстемесі

Азық-түлік тауарларының атауы

Шекті сауда үстемесі (жеткізу құнын қоса есептегенде өнімді сатып алу бағасынан асырмай сату) %

көтерме сауда

бөлшек сауда

1

Бірінші сортты бидай ұны

10

10

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

2

8

3

Рожки (өлшеніп салынатын)

5

7

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

5

7

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

4

5

6

Картоп

10

10

7

Асханалық сәбіз

10

10

8

Басты пияз

10

10

9

Ақ қауданды қырыққабат

10

10

10

Аққант – құмшекер

5

5

11

Күнбағыс майы

5

5

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

3

6

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

5

5

14

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

2

3

15

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

2

5

16

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

5

5

17

Тауық жұмыртқасы (І санатты)

5

5

18

Ас тұзы ("Экстра"-дан басқа)

3

10

19

Сүзбе майлылығы 5-9%

2

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады