"Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 108 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 55 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 7526 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 108 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6998 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады