"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2020 жылғы 28 тамызы | |
№ 94 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Қызылорда облысы бойынша субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 816 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5890 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2017 жылғы 1 шілдеде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 шілдеде жарияланған).
2. "Қызылорда облысы бойынша субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 1360 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6757 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 сәуірде жарияланған).
3. "Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 1382 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6789 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 28 мамырда жарияланған).