"Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы №250-45/2 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 309-57/1 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 7264 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 315-58/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 315-58/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 250-45/2 (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 6906 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2019 жылғы 2 қыркүйекте жарияланған) шешiмiне келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:

      аталған шешiммен бекiтiлген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларында:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын (оқу жылы кезеңінде) көрсетіледі.".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
      кезектен тыс ХХХХХVІІ сессиясының
      төрағасы, Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы Р. БУХАНОВА
      "КЕЛIСIЛДI"
      "Қызылорда облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк
      бағдарламалар басқармасы"
      мемлекеттiк мекемесiмен

О внесении изменений в решение Кызылординского городского маслихата от 23 августа 2019 года №250-45/2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Кызылординского городского маслихата от 25 февраля 2020 года № 309-57/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 27 февраля 2020 года № 7264. Утратило силу решением Кызылординского городского маслихата от 26 марта 2020 года № 315-58/4

      Сноска. Утратило силу решением Кызылординского городского маслихата от 26.03.2020 № 315-58/4 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Кызылординский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кызылординского городского маслихата от 23 августа 2019 года № 250-45/2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №6906, опубликовано в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан от 2 сентября 2019 года) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      подпункт 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "2) учащимся общеобразовательных заведений из числа получателей адресной социальной помощи оказывается на проезд в общественном транспорте (кроме такси) - каждый месяц (в период учебного года) в размере 1 месячного расчетного показателя.".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной ХХХХХVІІ
сессии Кызылординского городского
маслихата, секретарь Кызылординского
городского маслихата
Р. БУХАНОВА
      "СОГЛАСОВАНО"
Государственным учреждением
"Управление координации занятости
и социальных программ
Кызылординский области"