Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 315-58/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 250-45/2 (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 6906 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2019 жылғы 2 қыркүйекте жарияланған) шешiмiне келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған шешiммен бекiтiлген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын (оқу жылы кезеңінде) көрсетіледі.".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.