"Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №280-53/4 шешiмiне өзгеріс енгізу таралы

Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 349-62/7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 маусымда № 7537 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 199-28/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 01.11.2024 № 199-28/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихатыШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 280-53/4 (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 7054 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2019 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) шешiмiне келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешiммен айқындалған Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерiнде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн бекіту туралы" № 226 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 20498 нөмiрiмен тiркелген) сәйкес уәкiлеттi органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледi.".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті ХХХХХХІІ сессиясының төрағасы Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Р. БУХАНОВА

О внесении изменения в решение Кызылординского городского маслихата от 20 декабря 2019 года №280-53/4 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи"

Решение Кызылординского городского маслихата от 24 июня 2020 года № 349-62/7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 25 июня 2020 года № 7537. Утратило силу решением Кызылординского городского маслихата от 1 ноября 2024 года № 199-28/2

      Сноска. Утратило силу решением Кызылординского городского маслихата от 01.11.2024 № 199-28/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Кызылординский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кызылординского городского маслихата от 20 декабря 2019 года № 280-53/4 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 7054, опубликовано 31 декабря 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в размере и порядке оказания жилищной помощи, определенных указанным решением:

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Жилищная помощь назначается с начала месяца подачи заявления на текущий квартал. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Порядка исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 20498).".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования

      Председатель очередной ХХХХХХІІ сессии Кызылординского городского маслихата Секретарь Кызылординского городского маслихата Р. БУХАНОВА