Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 01.11.2024 № 199-28/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихатыШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 280-53/4 (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 7054 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2019 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) шешiмiне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешiммен айқындалған Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерiнде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн бекіту туралы" № 226 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 20498 нөмiрiмен тiркелген) сәйкес уәкiлеттi органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледi.".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті ХХХХХХІІ сессиясының төрағасы Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы | Р. БУХАНОВА |