"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал аудандық мәслихатының "Арал ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 3 ақпандағы № 284 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5386 тіркелген, 2016 жылғы 26 наурызында № 24 аудандық "Толқын" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 4 мамырда жарияланған.) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | А. Садуакасова |
Арал аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Мадинов |