"Арал ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 ақпандағы № 284 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 370 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 маусымда № 7541 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал аудандық мәслихатының "Арал ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 3 ақпандағы № 284 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5386 тіркелген, 2016 жылғы 26 наурызында № 24 аудандық "Толқын" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 4 мамырда жарияланған.) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы А. Садуакасова
      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Д. Мадинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады