"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1."Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 318 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6925 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы 6-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихатының кезектен тыс LIII сессиясының төрағасы |
Ғ. ӘЛІШ |
Қазалы аудандық мәслихат хатшысы |
К. НАЗЫМБЕКОВ |