"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №318 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 376 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 7266 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1."Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 318 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6925 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасындағы 6-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының
кезектен тыс LIII сессиясының төрағасы
Ғ. ӘЛІШ
      Қазалы аудандық
мәслихат хатшысы
К. НАЗЫМБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады