"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 7 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6663 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданының әкімі | М. Ергешбаев |