Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 13.05.2020 № 86 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
2. "Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қазалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданының әкімі | М. Ергешбаев |