"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би кентінің келесі көшелеріне:
1) атауы жоқ жаңа көшеге "Серікбай Сұлтамұратов" есімі;
2) №6 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Алмағамбет Избакишев" есімі;
3) №5 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Дүйсенбай Өтегенов" есімі берілсін.
2. Әйтеке би кентінің келесі көшелері:
1) В.Счастнов тұйық көшесі "Ұялы" атауымен;
2) Қазыбек би тұйық көшесі "Қаражан Сансызбаев" есімімен;
3) Үмбет би тұйық көшесі "Айғабыл Жақсыбаев" есімімен;
4) Жанқожа батыр тұйық көшесі "Ұлықпан Медетов" есімімен;
5) Жүсіпбек Аймауытов тұйық көшесі "Бақберген Мұстафаев" есімімен қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би кентінің әкімі | К. ОРЫНБАСАРОВ |