Көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 153 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 наурызда № 7301 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би кентінің келесі көшелеріне:

      1) атауы жоқ жаңа көшеге "Серікбай Сұлтамұратов" есімі;

      2) №6 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Алмағамбет Избакишев" есімі;

      3) №5 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Дүйсенбай Өтегенов" есімі берілсін.

      2. Әйтеке би кентінің келесі көшелері:

      1) В.Счастнов тұйық көшесі "Ұялы" атауымен;

      2) Қазыбек би тұйық көшесі "Қаражан Сансызбаев" есімімен;

      3) Үмбет би тұйық көшесі "Айғабыл Жақсыбаев" есімімен;

      4) Жанқожа батыр тұйық көшесі "Ұлықпан Медетов" есімімен;

      5) Жүсіпбек Аймауытов тұйық көшесі "Бақберген Мұстафаев" есімімен қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би кентінің әкімі К. ОРЫНБАСАРОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады