Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 14.04.2021 № 5-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 37-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6711 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларының 5-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының 52-сессиясының төрағасы, Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Еспанов |