“Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы №37-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 52-2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 наурызда № 7268 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 5-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 14.04.2021 № 5-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. “Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 37-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6711 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларының 5-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының
52-сессиясының төрағасы, Жалағаш
аудандық мәслихатының хатшысы
М. Еспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады