"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жаңақорған ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жаңақорған ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы" бірлескен Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 64 қаулысы және Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 380 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7003 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасындағы реттік нөмірлері он екінші және жиырма үшінші жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
12 | Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылы | 722,5 | 212,2 | 510,3 | |||
23 | Шалхия кенті | 172,2 | 29,45 | 142,75 |
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Р. Рустемов |
Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс LVІІІ сессиясының төрағасы | Т. Мамуов |
Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысы | Е. Ильясов |