"Жаңақорған ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы" бірлескен Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 64 қаулысы және Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 380 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Бірлескен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 127 қаулысы және Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 613 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 8036 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жаңақорған ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жаңақорған ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы" бірлескен Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 64 қаулысы және Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 380 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7003 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасындағы реттік нөмірлері он екінші және жиырма үшінші жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

12

Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылы

722,5




212,2

510,3

23

Шалхия кенті

172,2




29,45

142,75

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Р. Рустемов
      Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс LVІІІ сессиясының төрағасы Т. Мамуов
      Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысы Е. Ильясов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады