Ескерту. Күші жойылды - Кызылорда облысы Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің 21.05.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 7 ақпандағы № 62 ұсынысына сәйкес Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырдария ауданы, Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі, Асқар Тоқмағанбетов ауылы Қызылорақ көшесіндегі № 18, 5, 22 тұрғын үйлер аулаларына мүйізді ірі қара малдар мен иттер арасында жануарлардың құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі |
Ғ. Алданазаров |