Шектеу іс-шараларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 ақпанда № 7254 болып тіркелді. Күші жойылды - Кызылорда облысы Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Кызылорда облысы Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің 21.05.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 7 ақпандағы № 62 ұсынысына сәйкес Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырдария ауданы, Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі, Асқар Тоқмағанбетов ауылы Қызылорақ көшесіндегі № 18, 5, 22 тұрғын үйлер аулаларына мүйізді ірі қара малдар мен иттер арасында жануарлардың құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      А.Тоқмағанбетов ауылдық
округінің әкімі
Ғ. Алданазаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады